RU

Түркістандықтар Жазира Жаппарқұлға «тұлпар» мінгізді (фото)

Түркістан қаласындағы орталық Есімхан алаңында шаһар тұрғындары Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен 19 жастағы түркістандық балуан Дидар Хамзаны зор қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды BNews.kz.

Байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен қала әкімі Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сияпат жасады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты Тәңірбергенов сөз алып, күміс қызға жеңіл автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Ерекше ықылас білдірген қала жұртшылығына алғысын жеткізген Жазира Жаппарқұл Түркістан қаласының жастарын «Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика үйірмесіне қатысуға шақырды.

Тағы да оқыңыз:

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Ислам Каримовті жерлеу рәсімі түскі уақытта өтеді (фото, видео)

Ислам Каримовпен Ташкент халқы жылап қоштасты (фото, видео)

Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Каримовпен қоштасу үшін көшеге шықты (фото, видео)

Өзбекстан президенті міндетін уақытша Сенат төрағасы атқаратын болды

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240307-turkistandyqtar-zhazira-zhapparqulgha.html