RU

Өзбек елшісі елбасы мен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

Қазақстандағы Өзбекстанның төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан президенті аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға еліміздің осындай қайғылы кезінде жылы сөздері мен қолдау білдірген сөздері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сондай-ақ таңертеңнен бастап елшілікке келіп гүл шоқтарын қойып, бауырлас өзбек халқына көңіл айтқан Қазақстан тұрғындарына ерекше алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер», - деді Икром Назаров.

Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Каримов бақилық болды. Қазір сол елде үш күндік қаралы күн жарияланған.

Тағы да оқыңыз:

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Ислам Каримовті жерлеу рәсімі түскі уақытта өтеді (фото, видео)

Ислам Каримовпен Ташкент халқы жылап қоштасты (фото, видео)

Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Каримовпен қоштасу үшін көшеге шықты (фото, видео)

Өзбекстан президенті міндетін уақытша Сенат төрағасы атқаратын болды

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240364-ozbek-elshisi-elbasy-men-qazaqstan-khal.html