RU

Түркияда туристік кеме апатқа ұшырады (видео)

Түркияда Анталия қаласына таяу жерде туристік Kurt-C кемесі суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті БАҚ-тардың соңғы мәліметтерінше, 84 адам құтқарылған, 33-і жарақаттанған, олар ауруханаға жеткізілді, екеуі із-түзсіз жоғалған. Ресей елшілігінің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында бір ресейлік бар, оның жағдайы қалыпты.

Ауа райының қолайсыздығана байланысты капитан саяхатты тоқтатып портқа қарай бағыт алған. Жағалауға небәрі екі мильдей қалғанда катер бір жағына ауып, суға бата бастаған.

Экипаж жолаушыларға құтқару құралдарын таратып үлгерді. Жағалау күзетіне болған жағдай хабарланып, шұғыл құтқару шаралары қолға алынды.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандықтар Жазира Жаппарқұлға «тұлпар» мінгізді (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Көзбояушылық үшін Сапарбаевты алдаған шенділер қызметінен қуылып жатыр

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240556-turkiyada-turistik-keme-apatqa-ushyrad.html