RU

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан 20 жастағы қыз тіл тартпай кетті (фото)

Алматыда Toyota Carina E жеңіл көлігі жолдан шығып кетіп, талға соғылды. Көлікте болған 20 жастағы қыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Бұл туралы zakon.kz-ке сілтеме жасап BNews.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай көлік Талғар тасжолының бойымен әуежайға кетіп бара жатқан. Тасжолға шыққан соң 2 шақырым жүрмей, апатқа ұшыраған. Ал оқиға болған жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, көлікте 4 адам болған. Олар тойдан шыққан. Жүргізушінің сау не мас болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ. Мұны қазір полицейлер анықтап жатыр.

Жол апатынан 20 жастағы қыз қаза болды, тағы үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандықтар Жазира Жаппарқұлға «тұлпар» мінгізді (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Көзбояушылық үшін Сапарбаевты алдаған шенділер қызметінен қуылып жатыр

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240653-almatyda-zhan-turshigerlik-zhol-apatyna.html