RU

18 жастағы бойжеткен «Орал аруы - 2016» атанды

Облыстық қазақ драма театрында «Орал аруы - 2016» байқауы мәреге жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұлулық байқауына барлығы 12 үміткер қатысты. Маусым айында іріктеуден өткен олар үш ай бойы би мен актерлік шеберлікке үйренді, түрлі шараларға қатысты.

Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында арулар өздері туралы әңгімелеумен бірге ұлттық киімдермен сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасының сауалдарына жауап беріп, ой-өрелерінің қандай деңгейде екендігін танытты.

Ұйымдастырушылардың бірі Көркем Дауымованың сөзіне қарағанда, аталмыш байқауға қатысқан 16-22 жас аралығындағы үміткерлердің бәрі де тиянақты әзірленген. Ең бастысы, ашық-шашық емес, ұлттық киім киген қыздардың әдемі жүрісі мен қимылдары, өнері мен сауалдарға тиянақты жауап беруі жиналған көпшілікке жақсы әсер қалдырды.

Байқау қорытындысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті, 18 жастағы Айнұр Шаймарданова жеңімпаз атанды. Бірінші орынды Алина Әбдуғалиева иеленсе, екінші орын Вероника Бузовероваға бұйырды.

Жеңімпаз Айнұр Шаймардановаға сый ретінде Парижге жолдама берілді. Шаймарданова сонымен қатар бірінші орынды иеленген Алина Әбдуғалиевамен бірге «Қазақстан аруы - 2016» байқауында облыс намысын қорғайды.

Айта кетейік, «Орал аруы - 2016» - қала күні аясында ұйымдастырылып отырған шаралардың бірі.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандықтар Жазира Жаппарқұлға «тұлпар» мінгізді (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Көзбояушылық үшін Сапарбаевты алдаған шенділер қызметінен қуылып жатыр

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240728-oraldyqtar-enh-sulu-qyzdy-tanhdady.html