RU

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Мехико ұлттық автономдық университетінің (Мексика) бұрынғы КСРО елдері бойынша сарапшысы, профессор Ана Гутьеррес дель Сид Өзбекстан президенті болуы мүмкін деген үш кандидаттың есімін атады.

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

«Өзбекстан президенті атануы мүмкін үш кандидат бар. Олар: премьер-министр Шавкат Мирзияев, бірінші вице-премьер, қаржы министрі Рустам Азимов және Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов. Осылардың ішінде Шавкат Мирзияевтің мүмкіндігі жоғары», – дейді сарапшы.

Еске салсақ, жұма күні кешкісін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қаза болғаны хабарланды. Елді ширек ғасыр басқарған президент 3 қыркүйек күні жер қойнына тапсырылды.

Ендігі Олий Мажлистің (парламенттің жоғарғы палатасы) сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқаратын болады.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтің қос қызының көл-көсір байлығын жария етті (фото)

Шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваның Ресей құрамасына ауысуына пікір білдірді

Жуырда ғана 14-ші баласын дүниеге әкелген ақтөбелік ана әлі күнге дейін баспанасыз жүр

Астанада мектепке ақ бантиксіз барған оқушыны "ленейкаға" қатыстырмай қойған

Ақтөбеде "оттама" дегені үшін әкімнің орынбасары жауапқа тартылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1240994-sarapshy-ozbekstan-prezidenti-boluy-m.html