RU

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінде таңғаларлық оқиға болды, деп жазады Facebook қолданушысы Шуддин Саидов өзінің желідегі парақшасында. Ер адам кондукторға 10 мың теңге беріп, өзге жолаушылардың да жолақысын төлеп кеткен.

"Шымкенттегі автобустардың бірінде келе жатыр едім, салонға бір адам кіріп келіп, менімен бірге қатар тұрды. Ол бізбен бірге келесі аялдамаға дейін барғаннан кейін, автобус жүргізушісіне барып, онымен әлдене жайлы сөйлесті. Осыдан кейін кондуктор жанағы белгісіз адам барлық жолаушылар үшін 10 000 теңге ақша төлеп кеткенін, сондықтан ешкімнің ақы төлемей-ақ қоюына болатынын жеткізді. Есесіне автобусқа кірген адамдардың барлығы жол ақысын төлемеді. Садақа берген жомарт жан Алла разы болсын саған", - деп жазды желі қолданушысы.

Айта кетейік, Шымкентте 1 мамырдан бастап жолақысы 70 теңгеге қымбаттаған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241020-shymkentte-zhomart-zhan-avtobustaghy-zhol.html