RU

Астана марафонында павлодарлық жігіт сүйіктісіне некелесуге ұсыныс жасады (фото, видео)

Астана марафонында 42,2 шақырымға қатысқан Слава Демченко есімді жігіт мәре сызығынан өткеннен кейін болашақ жарына некелесуге ұсыныс жасады.

«Марафонға қатысу үшін арнайы Павлодардан келдім. Сонымен қатар осы маңызды шара аясында сүйікті қызыма болашақ жар болуы үшін ұсыныс жасадым. Осы тосын ұсыныстан кейін көзінен қуаныш жасы мөлдіреп тұрғанын байқап тұрмын», - деді жас жігіт «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Өз кезегінде С. Демченконың ұсынысына ұнатқан қызы тұрмысқа шығуға келісімін берді.

Марафон қашықтығы Астанадағы Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтыды. Осы ретте спорттық шара 4 санатта өтеді, яғни 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, сондай-ақ эстафеталық жүгірулер ескеріліп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241050-astana-marafonynda-pavlodarlyq-zhigi.html