RU

5 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

5 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Достарыңыздың арасында бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді.

Торпақ

Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.

Егіздер

Бүгінгі күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз, ол қызметте болсын, не жеке өміріңізде болсын.

Шаян

Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл күн сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз.

Арыстан

Сізден жақындарыңыз үлкен жауапкершілікті күтетін болады. Ең бастысы бүгін сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Бикеш

Бүгін жұлдыздар бикештерге барлық жақсы-жаманды айырып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз.

Таразы

Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз! Таразылардың денсаулығының сыр беретін мезгілі осы айдың аяғына дейін созылуы мүмкін, сондықтан үйде көбірек уақыт өткізіп, өзіңізге-өзіңіз берік болғаныңыз абзал.

Сарышаян

Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт келді. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыздар. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да арыстандардың қалтасын қағып қалуы әбден ықтимал.

Мерген

Бүгін жұлдыздар сізге белсенді болмауды жорып отыр. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз немесе оқуыңыз біраз тыныштыққа кенелетін болады.

Тауешкі

Бүгін құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады.

Суқұйғыш

Бүгін сізге көптеген жақсы қасиеттеріңізді ашуға мүмкіндік тудырады. Соның ішінде тісіңіз батпай жүрген проблемаларды шешуге бел буасыз. Сондай-ақ қызықты және жағымды оқиғалар да осы күннің еншісінде.

Балықтар

Бүгін жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет болады. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Жалпы бұл күн өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт.

Тағы оқыңыздар:

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241057-5-qyrkuyekke-arnalghan-zhuldyz-zhoramal.html