RU

Белгілі нумеролог Алтынай мен Сәбиттің болашағына болжам жасады

Танымал нумеролог Клара Күзденбаева жұлдызды жұп Алтынай Жорабаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың нумерология бойынша бір-біріне сәйкес келмейтінін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнадағы «Айта берсін» бағдарламасына арнайы Ресейден шақырылған нумеролог Клара Күзденбаева айтты. Оған Сәбит Әбдіхалықов, Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның туған жылдары айтылып, осы бойынша нумеролог олардың мінез сәйкестігі жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Оның айтуынша, Сәбит Әбдіқалықовтың «жұлдызды» сандары бірінші жары Айгүлмен де, екіншісі Алтынаймен де сәйкес келмейтінін көрсетіп отыр.

«Сәбит қайсар мінезді, ерекше дарынды, оны барлығы жақсы көреді, мықты сараптамашы, өте ақылды. Бірақ, тұрмыста оның мінезі ауыр, оған шыдау мүмкін емес, ол шыдамсыз, оның эмоциясы басым, ақылын эмоцияға жеңдіреді. Есесіне, ол адал адам, сараң емес, сыйлықты үйіп-төгеді. Ол бағы бар адам. Себебі, оның сандарында 8 саны бар. Бір қызығы, Сәбит өзінің сәттілігін тартып алатын әйелдерді таңдайды", - деді ол.

Нумерологтың айтуынша, Алтынайдың туған күн сандарында 4 саны жоқ. Ал бұл төрттік Сәбиттің мінезіне үйлесетін, шыдайтын адамда кездеседі екен.

«Алтынайды алсақ, ол сарышаян. Оның да мінезі ауыр, эмоциясы басым, тұйық. Алтынай, бірақ, өте дарынды, оның тіпті сәуегейлік қасиеті де бар. Өте еңбекқор адам.Алайда, Алтынай егер неғұрлым сабырлы болып, Канделаки секілді өзін басқаша ұстаса, өзін әлсіз әйел ретінде көрсетсе, отбасын сақтауға болады», - деді Күзденбаева.

Сәбиттің туған жылы мен күнінің сандарын бір-біріне қосып, есептеген Клара Сәбиттің өмірінде биыл ауыс-түйіс болатынын болжады. «Ол қазір 43 жаста, ал бұл жылы оның жеке өмірінде өзгеріс болады деп көрсетіп тұр», - деді нумеролог.

Естеріңізге салсақ, жұрт арасында Алтынай Жорабаева мен Сәбит Әбдіхалықов ажырасып кетті деген әңгіме кеңінен таралып кеткен. Қолданушылар Алтынайдың парақшасында Сәбитпен түскен суреттері сиреп кеткенін байқап, оларды бірге тұрмайды деп болжаған. Бірақ, бұған қатысты Сәбит те, Алтынай да пікір білдірмеді.

Тағы оқыңыздар:

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241297-belgili-numerolog-altynay-zhorabaeva.html