RU

Ақтөбелік зағип әйел өзін үй кезегінен шығарған әкімдікті сотқа берді

Ақтөбе қалалық соты 2 топ мүгедегінің үй кезегін қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. Сот шешімімен әкімдіктің әрекеті заңсыз деп табылды деп хабарлайды Kerek-info.kz.

Судья Айгүл Қаражанованың айтуынша, шағымданушы 2007 жылы "І және ІІ топтағы мүгедектер" санаты бойынша үй кезегіне тұрған. Алайда, тек аяқ жолын ғана айыратын зағип жанды 2015 жылы осыдан бір жыл бұрын үй кезегінен алып тастапты. Әйел өз меншігіндегі 21,9 шаршы метрді жолдасының атына аударған. Ол қуықтай үйде екі ересек баласымен және жолдасымен бірге тұрады.

Осыны сылтауратқан әкімдіктегілер "атыңызда үй бар, әрі жолдасыңызбен заңды некеде тұрасыз" деп баспана беруден бас тартқан. Мұнымен келіспеген 58 жастағы әйел сотқа жүгінді.

Сот шешімімен "Ақтөбе қалалық Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әрекеті заңсыз деп танылды. Мүгедек әйел үй кезегіне қайтадан қойылды.

Тағы оқыңыздар:

Кәрім Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарқ қылды (фото)

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Шымкент тұрғыны көршісін күрекпен ұрып өлтірді

Қазақстан құрамасы нағыз сенсация жасап, Польшамен тең түсті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241350-aqtobelik-zaghip-ayel-ozin-uy-kezegine.html