RU

Отандық жұлдыздар бейнебаян түсіру үшін қанша қаржы жұмсайды?

Отандық жұлдыздар түрлі эффектілер мен графика пайдаланылған бейнебаян түсіру үшін 30 мың доллардан астам қаражат жұмсайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнадағы "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасында айтылды. Клипмейкерлердің айтуынша, бүгінде әншілердің бейнебаянға қояр талаптары жоғары екен. Сондықтан, клипмейкерлер бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайтын көрінеді.

Сонымен бірге, сюжеті биден тұратын әнбаяндарға деген сұраныс бұл нарықта шарықтап тұрған көрінеді. Бейнебаян түсіруге келгенде әншілер қазірде оның екі түрін жиі таңдайды. Біріншісі, трейкке құрылған бейнебаян болса, екіншісі арнайы сюжет бойынша түсірілетін бейнебаяндар.

 

Трейкке құрылған бейнебаяндар құны 5 мыңнан 15 мың АҚШ долларына дейін бағаланады. Әнбаянның бұл түрін өзін елге танытқысы келетіндер таңдайды екен. Ал сюжет бойынша түсірілетін бейнебаяндардың нарықтағы бағасы 15 мыңнан  30 мың долларға дейін жетеді-мыс.

Егер бейнебаянды түрлі эффектілермен немесе графика пайдалану арқылы әрлегісі келетіндер табылса, олар 30 мың доллардан аса қаражат жұмсауға мәжбүр болады екен.

Тағы оқыңыздар:

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241478-otandyq-zhuldyzdar-beynebayan-tusiru-u.html