RU

Жан Ахмадиев үнді дәстүрін насихаттайтын отандық бейнебаяндарды сынады

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев үнді елінің дәстүрін ашық түрде насихаттап жүрген отандық әншілерді сынның астына алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасында айтты.

Видео: Жаңа бейнебаяндар

Мәселен, жаңадан құрылған «BN» атты топтың бейнебаянына оның көңілі толмайды. Бейнебаянда бір-біріне бояу шашып ойнайтын жастардың бұл қылығын ол ашық түрде үндінің салт-дәстүріні насихаттау деп есептейді.

"Үнді елінде "холи" деп аталатын мейрам бар. Сол мейрамнан алынған. Осы мейрамды біздің қазаққа әкеп жатыр", - деп наразылығын білдірді әнші.

Дегенмен, топтың директоры Еркебұлан Молдашов оның бұл пікірімен келіспей отыр. Оның айтуынша, бейнебаян мен үнді салт-дәстүрінде ұқсастық жоқ.

Естеріңізге салсақ, «BN» тобынан басқа отандық әншілерден Кәмшат Жолдыбаеваның "Сүйіктім" әніне  түсірілген бейнебаяны да үнді стилінде болатын.

Футболдан Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті (фото, видео)

Назарбаев әлемдік экономиканы қалай жандандыруға болатынын айтты

Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Сарапшы Өзбекстан президенті болуы мүмкін үш кандидаттың есімін атады

Обама: Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үшін жақын дос және сенімді серіктес

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241512-zhan-akhmadiev-undi-dasturin-nasikhatta.html