RU

Самарқанның мыңдаған тұрғыны Ислам Каримовтің зиратына ағылуда

Самарқанның мыңдаған тұрғындары таң сәресінен Шахи-Зинда кешенінде Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің басына барып жатыр, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Qamshy.kz.

Естеріңізге салсақ, Өзбекстан президенті Ислам Каримов қыркүйектің 2-і күні дүниеден өтті. Қыркүйектің 3-і күні туған жері Самарқанда жерленді. Елде үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды. Жақында кешен қарапайым адамдар үшін жабық болған, онда делегация мүшелерін ғана кіргізген. Дегенмен, жексенбі күні ол жердің есігі баршаға ашық болды.

Келушілердің көптігінен бір сағаттай кезек күтуге тура келеді. Қазір кешенді милиционерлер күзетіп жатыр.

Шахи-Зинда кешенінде Өзбекстанның орта ғасырдағы атақты хандары, сұлтандары және бүгінге дейінгі танымал тұлғалары жерленген, Каримовтің ата-анасы да осында қойылған. 90-шы жылдардан бастап кешенде адам жерлеу тоқтатылған, бірақ бірінші президент үшін бұл ережені өзгертілді.

Ислам Каримов 19-шы ғасырда салынған Хәзіреті – Хизр мешітінің ашық алаңы жанында, кешеннің бас жағында жерленді. Оның ата-анасы Шахи-Зинда кешенінің тура өзінде жерленген. Каримовтің зираты гүлдермен көмкеріліп тұр, әзірше ешқандай мавзолей мен ескерткіштер жоқ. Зират маңайында келушілерге арналған бірнеше орындықтар тұр. Орын жетпегендері мешіт айналасындағы қоршау кірпіштеріне отырады.

Мешіт молдасы бірінші президенттерінің жатқан жері жайлы болуына арнап құран оқып жатыр. Осылай келесі топ келіп, өз дұғаларын бағыштауда. Адамдар күні бойы толастамай келіп жатыр, тіпті күн соңына қарай бірнеше мыңдаған адамға жетуі мүкін. Келушілердің бәрі сөмкелерін өткізуге мәжбүр. Милиционерлер мен штат адамдары ешкімнің суретке түсірмеуін қатаң қадағалауда.

Келушілердің баршасына ауыз су таратылуда, себебі Өзбекстанда әлі де 30 градус ыстық. Gazeta.uz-дың мәліметінші, Өзбекстан Астанасында қаралы күнге байланысты Өзбекстан туы түсіріліп тұр.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Қытай барлығын да ауқымды жасай алады (видео)

ОҚО-да барлық тірлікті аяғымен істейтін кісі қайырымды жандардың қолдауына зәру (видео)

Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық бойжеткен әлі табылмай жатыр (фото)

Кәрім Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарық қылды (фото)

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241544-samarqannynh-mynhdaghan-turghyny-islam-k.html