RU

Дубайда жолсерікті сүйіп алған жолаушы үш айға түрмеге қамалды

Сот шешімі бойынша ұшақ бортында жолсерік қызбен селфиге түспек болып оны сүйіп алған Танзания азаматы кінәлі деп танылды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жолсерікті сүйіп тұрып селфи жасаған жолаушы үш айын түрмеде өткізеді. Дубай соты 42 жастағы ер адамды сексуалды сипаттағы зорлау әрекеті бойынша кінәлі деп тапты. Сот отырысында айыпталушы жолсерікті сүйгенін мойындады. Бірақ айыпталып жатқан бапқа келіспейтінін айтты.

Оқиға 22 сәуір күні болған. Emirates әуекомпаниясының жолаушысы жолсерік қыздан селфи жасауды өтініп, оны сүйіп алған. 25 жастағы американдық бойжеткен бұл жайлы ұшақ жерге қонысымен Дубай полициясына хабарлаған. Жазасын өтеген соң айыпталушы еліне көшірілетін болады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Қытай барлығын да ауқымды жасай алады (видео)

ОҚО-да барлық тірлікті аяғымен істейтін кісі қайырымды жандардың қолдауына зәру (видео)

Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық бойжеткен әлі табылмай жатыр (фото)

Кәрім Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарық қылды (фото)

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241573-dubayda-zholserikti-suyip-alghan-ushaq-zh.html