RU

Қару ұстаған Төреғали жұртты шошытты (фото)

Танымал әнші Төреғали Төреәлі қару ұстаймын деп қолданушыларға жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасына қару кезеніп түскен суретін жүктеп, ол бұл қылығымен оқырмандарын таң қалдырды.

"Сені мұндай суық заттармен кормей-ақ кояйықшы. Менің ұлым 5 жаста сені қатты жақсы көреді әндеріңді тыңдағанда орнында отыра алмайды. Жақсы әндеріңді жарыққа шығара бер",  "Төреш, бауырым, сенiң қаруың - домбыраң, сол қарудың оғы - қолыңдағы микрафоның", "Жаным-ау, мылтығың не, адамды шошытып...", "Бауырым андағы автоматты үйде емес әскерде ұстасаңшы", "Төрештің бұл қай қылығы?", "Төреғали, не болды мына қолындағы суық қаруды көрсетіп. Ауғанстанда емес Қазақстанда жасап жатсың! Бай болсаң, балам, тасыма. Кедей болсаң жасыма. Кімдер бір келіп кетпеген", - деп жазды олар.

Дегенмен, әнші қару ұстап түскен суреттер сериясын жариялауды қоймады. Ол қолына ойыншық автомат ұстап түскен тағы бір сурет жүктеп, қолданушыларды қыран-топан күлкіге қалдырды. Суреттің астына ол "Маған осы дұрыс-ау", - деп жазып қойды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Қытай барлығын да ауқымды жасай алады (видео)

ОҚО-да барлық тірлікті аяғымен істейтін кісі қайырымды жандардың қолдауына зәру (видео)

Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық бойжеткен әлі табылмай жатыр (фото)

Кәрім Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарық қылды (фото)

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241690-qaru-ustaghan-toreghali-zhurtty-shoshytty.html