RU

Алматыға үш аяқты радарлар қайта оралды

Алматы көшелеріне біршама үзілістен соң «Крис П» фоторадарлары қайта оралды деп хабарлайды Qamshy.kz motor.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік құралдарының жылдамдығын өлшейтін ұтқыр құрылғы қаланың төмендегі көшелерінде орналасқаны туралы ақпарат тарауда.

Саин даңғылымен солтүстік бағытта, Төле би даңғылынан төмен тұсы;

Шемякин көшесінің Молдавская көшесінен төмен тұсы (Рысқұлов даңғылынан төмен түскендегі бірінші бағдаршамнан соң);

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына («АвтоЦОН») баратын жол;

Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқанда Жансүгіров айналма жолының алдында;

Сүйінбай даңғылында оңтүстік бағытта (Рысқұлов даңғылына жетпей); Іле тас жолында «Жұлдыз» ықшам ауданына қарама қарсы.

Сол себепті, аталған аумақта жүргізушілер тізгінді тартып ұстағаны абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1241926-almatygha-ush-ayaqty-radarlar-qayta-oral.html