RU

"Қорғас" халықаралық орталығының президенті 1 млн доллар пара алған жерінен ұсталды (фото)

"Қорғас" халықаралық орталығының президенті Василий Ни 1 млн доллар пара алған жерінен ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында "Қорғас" халықаралық орталығының президенті Ни өзінің қоластындағы қызметкері, инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Сайдуллаев арқылы "Қорғас Тюльпан" ЖШС-нің өкілінен 1 миллион доллар көлемінде пара алғаны анықталды. Осылайша Ни инвестициялық тендерді олардың пайдасына шешуге уәде еткен. Яғни халықаралық орталықта салынғалы жатқан "бес жұлдызды" қонақ үйдің құрылысына жарияланған байқауда аталмыш ЖШС-ні жеңімпаз етпек болған", - делінген  баспасөз хабарламасында.

Бүгінде Ни қамауға алынған, соталды тергеу жүргізілуде.

"Қорғас" — Қытайдың елмен құрған тұңғыш ауқымды шекаралық сауда зонасы. Ол 2012 жылдан бері іске қосылған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Қытай барлығын да ауқымды жасай алады (видео)

ОҚО-да барлық тірлікті аяғымен істейтін кісі қайырымды жандардың қолдауына зәру (видео)

Бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық бойжеткен әлі табылмай жатыр (фото)

Кәрім Мәсімовтің спорттық киімі елді тағы да күлкіге қарық қылды (фото)

Автобустағы барлық жолаушылардың жолақысын төлеп берген шымкенттік азамат жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242073-khorgos-khalyqaralyq-ortalyghynynh-prez.html