RU

Оқушы қыздардың биі Қазнеттің ашуын келтірді

Оқушы қыздардың биі Қазнетте қызу талқыға алынды. Скриптониттің "Шевели своим туловищем" атты трегіне билеген қыздар көпшіліктің ашуын келтірген. Видео Instagram желісінің kaztwitter парақшасында жарияланған.

Желі қолданушыларына оқуға көбірек ден қоюы тиіс оқушылардың "іш киімін жалтыратып" би билегені жақпай қалған.

"Заманауи оқушылардың неден қолы босамайтыны түсінікті болды!", "Белдемшелерін көтеріп, іш киімдерін көрсетудің не қажеті бар? Осыдан кейін педофилдер қайдан шығып жатыр деп таңырқайсыздар", - деп жазған желі қолданушылары.

Дегенмен "бос уақытында жай көңіл көтеріп жатыр" деп оқушылардың әрекетін жақтағандар да жоқ емес.

Пікір қалдырушылардың айтуынша, видео Алматыда түсірілген. Бейнероликті 268 мың қолданушы тамашалап үлгерген.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242088-oqushy-qyzdardynh-bii-qaznettinh-ashuyn-k.html