RU

Алматыда «сотка» сатумен айналысатын «сақалдыларға» тексеру жүргізілді

Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары аудандық әкімдік және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе ұрланған және құжаты жоқ ұялы телефон сатумен айналысатын тұлғаларды жаппай тексеруге кірісті деп жазады sn.kz.

Бұл туралы Zakon.kz порталы хабарлап отыр. Рейдтік шара барысында барлығы 78 телефон мен 2 ноутбук тәркіленген.

Тексеру жұмыстарының бірінші күні «Мегатау» сауда орталығында 10-нан астам саудагер ұсталды. Олардың кім екені толық анықталғанша, жіберілмейді. Сонымен қатар, салық органдарына тіркелмей, заңсыз пайда табумен айналысып жүрген 4 жеке тұлға, касса аппараты жоқ 2 жеке кәсіпкер анықталды. Енді рейд жүргізген мамандар бұл деректерді сотқа жолдамақ. Заң органы тәркіленген мүліктердің тағдырын шешеді. Телефондардың арасында ұрланғандары анықталса заңды иелеріне қайтарылады.

Қазақстанның «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 26-бабына сәйкес, сатушы тұтынушыға өз тауарының атауын, мекен-жайын және жұмыс режимін қазақ және орыс тілдерінде жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер клиентке өзінің аты-жөнін, мемлекеттік тіркеуі мен оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеген органның атауын да хабарлауы тиіс.

Естеріңізге салайық, Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін Қазақстанның барлық қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әсіресе, тәртіп сақшылары ұсталған телефон сататын «сақалды» саудагерлерді жіті тексеруде.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242108-almatyda-sotka-satumen-aynalysaty.html