RU

6 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамал

6 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгін не нəрсені ойға алсаңыз, соны аспаннан бере салады. Бүгін алған қойған мақсаттарыңыз жүзеге асып, армандарыңыз орындалатын күн.

Торпақ

Торпақтар - бүгін ортаның нұрысыз! Тек айналадағылар емес, өзіңізге өзіңіз таң қалатындай оқиға болады.

Егіздер

Өмірде есерсоқ, ақылсыз адамдар көп. Олар сіздерді əдейі ренжітіп алайын демейді, бəрі өздерінің тілдерінен болмақшы. Сіз оларды кешіріңіз! Ақылсыз адамдардың көп екенін мойындауыңызға тура келеді.

Шаян

Ешқандай сөзге сенбеңіз! Өзіңіздің көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Еңсеңізді көтеріп, өзіңізді сенімді ұстаңыз. Көресіз, бəрі сіз ойлағандай жаман емес.

Арыстан

Айналаңызға тек жақсы адамдарды ғана жинаңыз.Күніне 3 жақсы адамнан қасыңызға қоса берсеңіз, солардан өміріңізге қажетті энергияңызды аласыз!

Бикеш

Ешқашан істеген ісіңізге өкінбеңіз. Не жасасаңыз да, бəрін жақсылыққа жорыңыз. Бүгін кешке сол ісіңіздің жемісін көріп, көкке төбеңіздің жетуіне шақ қалады.

Таразы

Бейкүнə қалпыңыздан айнымай, күлімдеп жүріңіз, сонда айналадағы адамдарыңыз сізге не істеу керектігін өздері түсіндіреді. Күлімдеп жүргеннің пайдасын көре бастаңыз.

Сарышаян

Соңғы кездері көңілісіз жабырқап жүрген сияқтысыз. Қəне, күлімдеңіз! Бүгін бəріне өзіңіздің кім екеніңізді көрсетіп, ортаңызды бір қуантып тастаңыз!

Мерген

Қауіпті жағдайдан сізді сəттілік фортунасы құтқарып қалады. Ал басқа жақтарынан бəрі өзіңізге байланысты болады. Бақытты болғыңыз келсе, ол үшін күресе біліңіз.

Тауешкі

Бүгін, Шаян, Балық, Сарышаян жұлдыздары сiзге келіп өздерінің шағымдарын айтады, иығыңызды көз жасын сүртуге дайындаңыз. Ал сізде? Ал сізде бəрі керемет болады.

Суқұйғыш

Бүгін сіздің алтын балығыңыз бір ғана тілегіңізді орындауға шамасы жетеді. Сол себепті ұялмай, не керек екенін ойланып, соны ғана айтыңыз!

Балықтар

Бүгін қауіпті қадамға барасыз, бірақ сол қадам өз нəтижесін береді. Анықтығын айтпайық, бірақ тойлауға 100% -дық себеп болады.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242279-6-qyrkuyekke-arnalghan-zhuldyz-zhoramal.html