RU

Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды

Қарағандыда тапа тал түсте 4 жастағы бала көлік ішінде тірідей жанып кеткен. Қайғылы жағдай үйдің ауласында болған. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған полиция өкілдері көліктің есіктері қалай жабылғанын анықтап жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Ішінде төрт жасар Санжар болған көлік үйдің дәл алдында отқа ораныпты. Бүлдіршіннің жан айқайын естіген көрші-қолаң көліктің маңайына келуге мүмкіндік болмады дейді. Өйткені қызыл жалын 10 шаршы метр жерге дейін шарпыған. Куәгерлер сөзінше, «Фольксваген транспортер» маркалы көлігінің алдыңғы жағы санаулы секундтарда күлге айналған.

Ал Санжардың мүрдесі тек от түгел ауыздықталғаннан соң ғана табылған. Ал баласын ажалдан аман алып қалуға тырысқан әкесі бірінші деңгейлі күйік алыпты. Оның бір жақ қолы мен бетін күйік шалыпты. Ал баласынан айырылған ана бірнеше рет есінен танып құлаған. Қара жамылған әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 4 жастағы Санжар үйдің үшінші баласы екен.

"Мен үйге кірдім, сол екі ортада көлік аяқ асты жарылды. Баланың көлік ішінде екенін ешкім білген жоқ. Кейіннен білдік бала бар екенін. Жүгірдік, не керек... Шешесі жерде құлап жатты, әкесі ол шырылдап жатты", - дейді куәгер Қарлығаш Тәжібаева.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242318-qaraghandyda-kolik-ishinde-tiridey-ort.html