RU

Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек

Алматы облысында бір көзі көруден қалған бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұр. Екі жасар Кәусар Байсейітованің сол жақ жанарының қарашығы ағарып, кейін ретинобластома диагнозы қойылыпты. Дер кезінде тиісті емнің жасалмауынан қатерлі ісік ұлғая түсуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Жарты жыл бұрын көзін уқалап, мазасыздана бастаған Кәусарды дәрігерлерге көрсеткен ата-анасы қазірге дейін маза таппай жүр. Себебі, сол кезден бері қыздарының бір көзі мүлдем көрмей қалған. Отандық дәрігерлердің барлығы көзді ота арқылы алып тастаудан басқа амал жоқ деген шешім шығарыпты.

Ал Түркия ауруханасында ем жүргізіп көргенімен, нәтиже болмаған. Уақытты жіберіп алған ата-ананың соңғы үміті Германия клиникасында. Ондағылар енді көзді қалпына келтіре алмаса да, ота жасап, ісікті қайтару үшін химиятерапия жүргізуге дайын екен. Бірақ ол үшін кемі 8 млн теңге қажет. 7 балалы отбасының бұндай қаржысы жоқ. Сондықтан олар қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

"Метостазалар пайда болған. Сондықтан баланың өміріне қауіп төндіріп тұр. Олар осындай шешімге келіп отыр. Өздерінің шоттарын жария етті. Ақшаны төлеген соң олар ота жасайды", - дейді Кәусардың әкесі Азамат Байсейітов.

Қол ұшын созамын деушілерге: Кәусардың әкесі +7 701 777 15 56

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242339-almaty-oblysynda-omirine-qauip-tonip.html