RU

Атырауда 100-ден астам адамға қара жұмыс істеткен компания оларға жалақы төлемей қуып жатыр

Атырау облысында Теңіз кен орнындағы жұмысшылар наразылық білдіріп жатыр. Осындағы зауытта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген Live Trans компаниясы бір айға жалдаған 100-ден астам адамның еңбекақысын бермепті деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек жұмыстың біткенін айтып, үйлеріңе қайта беріңдер деген. Бірақ зауыт аумағынан шығып кетсек, соқыр тиынсыз қаламыз деп қауіптенеді жұмысшылар.

"Теңізшевройлға" қарасты зауытты күрделі жөндеуден өткізген жігіттер жоспарланған істі мерзімнен бұрын бітіріпті. Ал 30 күн үшін әжептеуір қаржы береміз деп жалдаған Live Trans компаниясындағылар сөзінде тұрмаған. Қолдарына мөр басылмаған не қол қойылмаған келісімшартты ұстатып, үйлеріне қуып жатыр.

"Мөрлеріңді неге соқпайсыңдар, мынау не зат десек, ал біз ұмытып кеттік дейді, ол жауап па "ұмытып кеттік" деген? Сол қырғын халықты ұмытып кеттік деп жүре ме?", - деп ашуланды жұмысшы Нұрлан Қалдығарин.

"Бізге ақшамызды берсін де жіберсін, жұмыс істегіміз келмейді шынын айтсақ, уланып жатқан жігіттер бар, ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ, жансақтау бөліміне түсіп жатыр, сера күкірт жұтып", - дейді өзге жұмысшы Асылбек Ерғалиев.

Тараз , Орал, Ақтау және Ақтөбеден келген жігіттер бұл уақытша жұмысқа арнайы агенттіктер арқылы ақша төлеп кірген. Ал 40 градус ыстықта қазандықтың ішін тазалап, қиын жұмысты атқарған бұларға басшылары келісімшартсыз да ақша төленеді деп сендірмек болды.

Бірақ бұл уәдеге жұмысшылардың сенгісі жоқ. Маңдай тер ақыларын алу үшін олар еңбек инспекциясына шағымын айтыпты. Ондағылар енді ғана бұл жайтты тексеру үшін кен орнына мамандарын жіберген.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242349-atyrauda-100-den-astam-adamgha-qara-zhumys.html