RU

Ғани Қасымовтың сүйікті әнін қазақ тілінде орындап берген америкалық ару жұртты тәнті етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Экс-депутат Ғани Қасымов желі парақшасында америкалық бойжеткеннің Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған сәтінен видеомен бөлісті.

"Менің сүйікті әнімді америкалық ару орындап берді", - деп жазған Қасымов видеоның астына.

"Қандай тамаша, керемет", "Керемет, қайта-қайта тыңдап отырмын", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Желі қолданушылары ән айтқан аруға зор қызығушылық танытқаннан кейін Қасымов көп ұзамай оның кезекті сұхбатын жария еткен.

"Менің атым Крис. Мен өткен жазда Алматыда тұрғанмын. Маған лағман ұнайды", - деп сөзін сыйластықпен қазақ тілінде бастаған әнші қыз сөз соңында қазақ тілінде рақмет айтады.

Талай жерді аралаған бойжеткен Қазақстан халқының қонақжайлығына тәнті болған. Ол сөз арасында Алматыға оқу қуалап келгенін айтып қалды.

Тағы да оқыңыздар:

11 бала асырап алған ақтөбелік отбасы кішкентай қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалған

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)

Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек

Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды

Қапшағай қаласының әкімі желіде тарап кеткен даулы видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғани Қасымовтың сүйікті әнін қазақ тілінде орындап берген америкалық ару жұртты тәнті етті
Mailfire view pixel