RU

Алматыда әккі ұры келіншектің 450 мың теңге тұратын Louis Vuitton сөмкесін қолды қылды

Алматыдағы Көк базарда құны 450 мың теңге тұратын сөмке мен 300 мың теңге көлеміндегі ақша ұрлаған әйелдің соты болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы NUR.KZ-ке Алматы қаласы Медеу ауданы  №2 аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс материалдарын сүйенсек, ұрлық Көк базар маңындағы бутиктердің бірінде болған. Ұрлықшы дүкеннен бірнеше сөмкені көріп, оларды мұқият қарап шығады. Louis Vuitton маркалы сөмкенің ішінде түрлі заттар мен әмиянды көрген ол 450 000 тенге тұратын бұл сөмкені ұрлап кетеді. Сөмкенің ішінде 300 000 теңге ақша болған. Осылайша, ұрлықшы әйел сөмкенің иесін 750 000 теңгеге отырғызып кеткен.

Бірақ, әккі ұры бұл ұрлықпен тоқтап қалмаған. Ол бұдан кейін орамалдар сататын дүкенге кірген. ҚХР азаматшасына тиесілі сөмкені көріп, ондағы құны 3000 теңге болатын әмиянды тағы да  қолды қылған. Әмиянның ішінде 12 000 теңге мен сөмке иесінің жеке куәлігі болған.

Сот отырысы кезінде сотталушы әйел өз кінәсін толықтай мойындады. Сот оған 1 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу туралы жаза белгіледі.

Тағы да оқыңыздар:

11 бала асырап алған ақтөбелік отбасы кішкентай қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалған

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)

Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек

Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды

Қапшағай қаласының әкімі желіде тарап кеткен даулы видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242411-almatyda-akki-ury-kelinshektinh-450-mynh-te.html