RU

Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды

Ұзақ уақыт бойы Санкт-Петербордағы Кунсткамерада сақталып келген Кейкі батырдың бас сүйегі жақын күндері Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы 24.kz Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасай отырып хабарлады деп жазады sn.kz.

Кейкі батырдан өзге аталған мұражайда қазақтың тағы жеті батырының сүйектері сақталып тұр дейді қазақстандық тарихшылар. Оларды да елімізге әкеліп, арулап жерлейтін болады. Бірақ, сәл кейінірек.

"Бұл жәдігерлердің қазақ халқы үшін, Қазақстан тарихы үшін қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, біз өз ғалымдарымызға осынау сүйектерді қайта зерттеп шығуды тапсырдық", - деді Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединский Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу барысында.

Қазақстандық министрдің айтуынша, Кейкі батырдың бас сүйегін дәл қазір венгр ғалымдары зерттеп жатыр екен. Зерттеу барысында оның ұрпақтарының ДНҚ-анализдері тексеріледі.

"Менің ойымша, алдағы екі аптада біз қорытынды шығарып, бас сүйекті Қазақстанға алып келе аламыз", - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі.

Тағы да оқыңыздар:

11 бала асырап алған ақтөбелік отбасы кішкентай қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалған

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)

Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек

Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды

Қапшағай қаласының әкімі желіде тарап кеткен даулы видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242503-resey-keyki-batyrdynh-basyn-aldaghy-2-apt.html