RU

Ғалымдар иттің сөз ұғатынын дәлелдеп шықты

Ғалымдар иттердің иелері қолданған сөздерді айыра алатынын дәлелдеді деп жазады ihsan.kz.

Science журналында жарияланған мақалада Eötvös Lorand университетінің ғалымдары 13 иттің миын MR арқылы зерттеген. Зерттеу барысында иттерге иелерінің айтқан мақтау сөздері жағымды дауыспен тыңдатылған. Нәтижесінде иттердің миында бұл сөздер марапат ретінде қабылданған.

Кейін дәл сондай жағымды дауыспен, бірақ бұл жолы басқа сөздер айтылған. Алайда, бұған иттің миында алдыңғыдай құбылыс байқалмаған. Соңында иттердің иелері қолданған сөздерді дауыс ырғағына, тонына қарамастан ажырата алатындықтарына көздері жеткен.

Зерттеу жұмысында иттердің де адам секілді сөздерді түйсіну үшін мидың сол жақ жартысының, ал дауыстарды түйсіну үшін оң жақ жартысының жұмыс істейтіні де анықталған.

Сонымен қатар, мақалада иттің бір затқа жұмсап, алып келуі үшін айтылған 1000-ға жуық сөздерді ажырата алу қабілетіне ие екені де айтылған.

Тағы да оқыңыздар:

11 бала асырап алған ақтөбелік отбасы кішкентай қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалған

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)

Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек

Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды

Қапшағай қаласының әкімі желіде тарап кеткен даулы видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242730-ghalymdar-ittinh-soz-ughatynyn-daleldep.html