RU

Еркеш Шакеев ұлының қалай қаза болғанын айтып берді

Қазақстандық композитор Еркеш Шакеев Facebook парақшасында ұлы Сафардың қалай қаза болғанын айтып берді.

Бірінші кезекте Шакеев қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.

"Маған және отбасыма қолдау білдіргендерге алғыс айтамын. Сіздердің жүректеріңіздің тазалығына, біздің қайғыға ортақтасқандарыңызға расымен тәнті болдым", - деп сөзін бастады ол.

Композитор бұл жайтта керісінше жарасына тұз сепкендерге де пікірін ортаға салды.

"Өз парақшамда менің жарама тұз сеуіп, жүрегіме қанжар сұққысы келетін опасыз жандарға да айтарым бар. Сіздер мұндай жағдай басқа түссе, бір пайызына да шыдай алмас едіңіздер. Сол себепті, өздеріңізге және жақындарыңызға бас-көз болыңыз. Жақындарыңыз, тіпті сіздей жанды жақсы көретіні анық. Опасыз адам болу қиын шығар? Мен сіздерді аяймын. Ал жарама тұз сепкіңіз келсе, маған келіп бетіме айтыңыз. Мендегі бүгінде артылып қалған уақытты сізге бөліп, еркектерше сөйлесуге әзірмін", - деп жазған ол.

Кейін, композитор Әлихан Алтынбеков деген қолданушылардың біріне Сафардың қалай қаза болғаны туралы және "нендей құрметі үшін ол туралы фильм түсіріп жатқанына" қатысты сұрақтарына жауап берді.

"Жауап беремін: Сафар Шакеев - менің сүйікті үлкен ұлым. Ол оқыс жағдай салдарынан қаза болды. Есентай өзенінің бөгетіндегі шлюзға тым жақын тұрған сәтінде ол жер аздап опырылып кеткен болуы керек. Себебі ол соңғы рет болған жағалауда жердің жартысы опырылып жатыр. Ал куәгер оның сол жерде бетін жууға әрекеттеніп жатқанын көрген", - дейді Еркеш Шакеев.

"Ұлым туралы фильмді өзім екі досыммен және қайғымызға ортақ еріктілермен біріге отырып, оның туған күніне орай түсірдім. Ал ол үшін ешқандай құрметтің қажеті жоқ. Сафар 25 жыл өмірінде елімізді шетелге талай рет танытып үлгерген. Өз балаңыздың туған күніне орай сіз де фильм түсіре аласыз, бұл оған деген зор сүйіспеншілігіңіздің нышаны болмақ.Ұлым қысқа ғұмырында маған теңдессіз әке бақытын сезіндіре алғанына Аллаға шүкірлік етемін. Бір-біріңізді күтіңіздер", - дейді Еркеш Шакеев.

Композитор жазбасында Сафардың бала кезіндегі дельфинді сүйіп тұрғаны сәтінен фотомен бөліскен.

Тағы да оқыңыздар:

11 бала асырап алған ақтөбелік отбасы кішкентай қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалған

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)

Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек

Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды

Қапшағай қаласының әкімі желіде тарап кеткен даулы видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242750-erkesh-shakeev-ulynynh-qalay-qaza-bolghan.html