RU

Путин Ислам Каримовтің зиратына барды

Ресей президенті Владимир Путин Самарқанда Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің қабіріне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Путин Самарқанға келген бойда 3 қыркүйекте Каримов жерленген қабірге барды. Қабір Өзбекстанның тұңғыш президентінің туған қаласында, Шахи-Зинданың тарихи ескертіші маңында орналасқан.

Ол жерде Каримовтің ата-анасы жерленген. Ресей президенті Өзбекстанның тұңғыш президентін еске алып республиканың премьер-министрімен бірге құрмет білдірді. Путин қызыл раушан гүл шоқтарын қойды.

Одан бөлек, президент өзбек көшбасшысының отбасына – жары Татьяна Каримоваға және оның кенже қызы Лола Каримовға-Тилляеваға көңіл айтып, қайғысына ортақтасты деп хабарлайды Baq.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Путиннің Өзбекстанға келетіні жайлы тек кеше ғана белгілі болған. Ресей көшбасшысының көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге оның жеке мақсаттағы сапар екенін нақтылап, түсіндірді.

Өз кезегінде, Путин Каримовпен «достық қарым-қатынаста болғанын» айтып, Өзбекстанның жаңа билігімен арадағы байланыс сондай күйде сақталатынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты Путин Каримовтің жерлеу рәсіміне қатыса алмайтынын мәлімдеді. Сол кезде Владивостокта жүрген Путиннің тапсырмасымен Каримовпен бақұлдасу шарасында Ресей делегациясын елдің премьер-министрі Дмитрий Медведев бастап барды.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242854-putin-islam-karimovtinh-ziratyna-bard.html