RU

Бірінші сыныпқа бала қабылдамай қойған мектеп директоры жұмысынан қуылды

Алматы облысы Қарғалы ауылындағы мектеп директоры бірінші сыныпқа бала қабылдаудан бас тартқаны үшін өз қызметінен босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Білім күніне кейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы үш тілде оқытатын №2 дарынды балаларға арналған Қарғалы арнайы мамандандырылған гимназиясы жазғы уақытта тест тапсырып, бірінші сыныпқа алынған балаларды қабылдамай қойған. Мектеп басшылығы мұны оқушылар санының нормадан асып кетуімен түсіндірген.

Алматы облысы білім беру басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың хабарлауынша, биылғы тамыз айының басында облыстық білім беру басқармасы бірінші сыныпқа баратын балалар туралы болжам ақпараттарды түзген. Гимназия директоры Ж.Құралбаева берген ресми ақпарат бойынша, Қарғалы ауылындағы мектепке қаржыландыру жоспарына сәйкес, екі толық сынып, яғни 54 бала қабылдау жоспарланған.

«Ал гимназия директоры Ж.Құралбаева білім беру басқармасына ескертпей, жоспарланған екі сыныптың орнына бес толық сынып, яғни 134 бала қабылдаған. БАҚ-қа жарияланған мәселе осыдан туындаған», - деді Л.Базарқұлова.

Алматы облысы білім беру басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінде гимназияда 55 баладан 2 сынып жасақталған. Қалған 79 бала өзге мектептерге - №3 және №4 орта мектептер, Бейсеуов, Әпсеметов, Құтпанбетұлы, Қарсақбаев, Рысқұлов, Үмбетәлі және Уәлиханов атындағы орта мектептерге ауыстырылып, оқу жылын бастап кетті.

«Үш тілде оқытатын №2 дарынды балаларға арналған Қарғалы арнайы мамандандырылған гимназиясының директоры Ж.Құралбаева өз қызметінен босатылды», - деп хабарлады Л.Базарқұлова.

Тағы оқыңыздар:

Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді

Бақытбек Есентаевқа қандай айып тағылғаны жария етілді

Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды

Бір түнге 50 доллар: АҚШ-та киіз үйлер жоғары сұранысқа ие (фото)

Алматыда банк қызметкері ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1242925-birinshi-synypqa-bala-qabyldaudan-bas.html