RU

Педофилдер 2018 жылдан бастап "химиялық піштіру" жазасына кесілетін болды

Қазақстанда кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта зорлық көрсету айыбы бойынша сотталғандарды "химиялық піштіру" жазасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады, деп мәлімдеді бас прокуратура.

Сот шешімі бойынша қолданылатын мұндай препарат жыныстық құмарлықты тежейді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Бас прокуратураның хабарламасы бойынша, соңғы бес жылда кәмелет жасқа толмағандар мен кішкентай балаларды зорлау қылмысы үшін түрлі жылдарға соттап келді. Мекеме мәліметі бойынша, биыл мұндай қылмыс көрсеткіші шамамен екі есеге азайған - 148-ден 75-ке дейін. Дегенмен прокуратура жағдайды "күрделі" деп сипаттады.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, биыл кішкентай балаларды зорлау қылмысы бойынша 26 адам алтыдан 20 жылға дейін сотталды. Ал кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған осындай қылмыс бойынша 46 адам түрмеге отырған. Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған айыптылар 10 жылдан аз мерзімге сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.

Мамыр айында Қазақстан билігі кәмелет жасқа толмағандарға сексуалдық зорлық жасағандардың онлайн-базасын жариялады. "Педофилдер картасы" деп аталып кеткен базада осындай қылмыс үшін сотталғандар туралы мәліметтер жинақталған.

Тағы оқыңыздар:

Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді

Бақытбек Есентаевқа қандай айып тағылғаны жария етілді

Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды

Бір түнге 50 доллар: АҚШ-та киіз үйлер жоғары сұранысқа ие (фото)

Алматыда банк қызметкері ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243045-pedofilder-2018-zhyldan-bastap-khimiyalyq-p.html