Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желідегі "миллионер" жұлдыздар

Опубликовано:

"Жұлдыздарды" жұлдыз ететін не? Әлбетте, олардың танымалдылығы. Бірақ, қазіргі технологиялар дәуірінде олардың танымалдылығын арттыру үшін теледидар мен радио аздық етеді.

Қазіргі таңда,  "жұлдыздарды" әйгілендіретін әлеуметтік желілер деп аталатын "сиқырлы құралдар" болып отыр. Оқырмандардың саны неғұрлым көп болса, танымалдылығың да арта түспек. Instagram әлеуметтік желісіндегі "миллионер" жұлдыздарды comode.kz  порталы ұсынып отыр.

Баян Есентаева

@bayanyessentayeva_ (1,8 млн)

Көш басында танымал продюсер Баян Есентаева тұр. Оның Instagram желісіндегі оқырмандарының саны 1,8 млн-ге жеткен. Сондықтан болар, Баянның жүріс-тұрысы елге мәлім болып отырады. Ол өз парақшасында балаларының суреттерімен бөлісіп, бетті күту туралы кеңестерін айтады. Сонымен бірге, ол "КешYou", "Алау", "Лашын" секілді қарамағындағы топтардың шығармашылығы туралы да желіде жиі сөз қозғайды.

Аша Матай

@asha_matai (1,6 млн)

Баян Есентаеваның жиені де әпкесінен қалар емес. Оны желіде 1,5 млн адам оқиды екен. Танымал актриса желіге өз суреттерін салғанды ұнатады. Ал соңғы уақытта оның жүктілігі жөнінде де түрлі әңгімелер айтыла бастады. Қолданушылар Ашаның өмірге әкелетін сәбиінің жынысын анықтап әлек.

Қайрат Нұртас

@kair_n (1,4 млн )

Қайрат Нұртастың материалдық табысы баяғыда-ақ миллоннан асып кеткен. Ал қазір ол желідегі "миллионер" құрметіне лайық. Қайраттың жазбалары қолданушылардың көңілін көтереді. Ол қандай да бір дау-дамайлардан аулақ жүреді. Сондықтан, қолданушылар оған жағымды пікірлерді көп жазады.

Айдана Меденова

@aidanamedenova (1,3 млн )

Танымал продюсерінен кеткен Айдананың одан кейінгі өмірі де сәтті болды. Баян Есентаеваның қарамағынан кеткен соң әнші жеке сұлулық салонын ашып, ана атанып, жеке өнер көрсете бастады. Тұлға ретінде оған деген қызығушылық та арта түскендей. Оған дәлел - 1,3 млн оқырманы.

Ерке Есмахан

@erke_esmahan (1,2 млн)

Бұл да Баянның "тәрбиесін" көрген әншілердің бірі. Баянның өзі Еркеге басқаларына қарағанда аса көңіл бөлмейтінін айтып қалған болатын. Алайда, бұдан оның желідегі оқырмандары артпаса, кеміген жоқ. Оның иелігінде - 1,2 млн бар. Ерке өзінің миллионыншы оқырманына көйлек сыйға тартам деп уәде еткен болатын. Бірақ ол оқырмандарының санынан жаңылып қалып, екі бірдей оқырманға көйлек тарту етті.

Айқын Төлепберген

@aikyn (1,2 млн)

Instagram желісін ілгерілетумен айналысатын мамандар әзіл араласқан жазбаларды көптеп жазуға кеңес береді. Айқын - соның дәлелі. Айқын желіде көп әзілдеп, тыңдармандарын күлдіріп отырғанды ұнатады. Есесіне, оны 1,2 млн адам жақсы көреді.

Кәмшат Жолдыбаева

@kamshat__zholdybayeva (1,2 млн )

Кәмшаттың оқырмандарының жолы болды. Себебі, әнші әр жазбасына салмақтылықпен қарайды. Ол парақшасында түрлі кеңестер айтып, соңғы жаңалықтармен бөлісіп отырады. Ол шашқа арналған мезотерапия, RF-лифтинг, бетті тазарту секілді beauty-тәсілдер туралы видеоларды көп салады.

Мәдина Сәдуақасова

@sadvakasovamadina (1,2 млн)

Халықтың еркесі Мәдина миллионыншы оқырман  жазылған кезде оны айрықша ілтипатпен қарсы алды. "Менімен бірге миллион адам. Миллион жүрек. Бұл - үлкен бақыт!" , - деп бөлісті қуанышымен әнші. Мұндай оқиғаның құрметіне ол Динара есімді оқырманына оның суреті салынған торт та сыйлады.

 Қарақат Әбілдина

@karakat_a (1,2 млн )

Әнші Қарақаттың күйеуіне айрықша сый тарту етемін деп басы дауға іліккені бәрінің есінде. Әнші күйеуі Қыдырәліге "тоқал" алып беруге уәде берді. Бірақ, кейін ол сөзінің әзіл екенін айтты. Оның 1,2 млн оқырманы осы оқиғалардың барлығына куәгер болды.

Сәкен Майғазиев

@saken_maigaziyev (1,2 млн)

Сәкен Майғазиев өзінің белсенді азаматтық көзқарасы арқылы танымал. Әлбетте, әншілігі бірінші орында. Қоғамда болып жатқан кез келген оқиғаға ол өз үнін қосып отырады. Жер мәселесі де, гей-клубтың ашылуы да оның назарынан тыс қалмады. Ол өз парақшасында өз ойын ашық білдіреді. Сондықтан, оның жазылушыларының саны миллоннан асып кеткені де ғажап емес.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы облысында радикалдар ұшақты басып алуды жоспарлаған

Тәуелсіздік кезінде отанына оралған танымал тұлғалар (фото)

Салафиттерді сынаған журналистің басы бәлеге қалды (видео)

Атырау облысының әкімі Нижат Рахимовке Астанадан пәтер сыйлады (фото)

Төлешов ісі бойынша сот процесі 14 қыркүйекте өтеді

Отандық журналист Жазира Жаппарқұлды "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығымен марапаттауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1243046-aleumettik-zhelidegi-millioner-zhuldy/

pixel