RU

Ұялы телефонның қызығына кіріп кеткен әйел аюға жем бола жаздады

Флорида штатында тұратын Телийс Сандер өз үйінің ауласында отырып ұялы телефонның ойынына беріліп кеткен. Ал экрандағы барлық шаруаны "шешіп" тастап, алдына қараған сәтте, қарсы алдында тұрған аюды көреді деп жазады Stan.kz.

Аюдың әйелге тым жақын келгені соншалық, ол жыртқыштың алған демін де сезіп тұрған.

Осындай қауіпке қарамастан, ол аюды суретке түсіріп алып, үйдегі ұлына смс жазып жібереді. "Маған көмектес" деген хабарламаны көрген ұлы алғашқыда әзіл деп түсініп, кейін жағдайдың шынында да қауіпке толы екенін сезеді.

Оқиға орынына келген полицейлер аю адамдармен бұрын да араласып жүрген деп есептейді. Тіпті оны біреу-міреу үйде де ұстаған болуы мүмкін. Сол себепті жыртқыш адамдарды жат санамайды екен.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік ана ырымдап Жазира Жаппарқұлға сәбиін түкіртіп алды (фото, видео)

Ақтөбеде абақтыда мұсылмандарға намаз оқытпаған жігіттің бостандыққа шыққанда басы бәлеге қалды

13 құрсақ көтерген шымкенттік батыр ана 77 жасында диплом алды

Ақмола облысында белгілі бизнесменді атып кетті

Еркеш Шакеев ұлының қалай қаза болғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243200-uyaly-telefonnynh-qyzyghyna-kirip-ketke.html