RU

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

"Адам ұрлады" деген күдікке ілінген танымал кәсіпкер Лилия Рах пен үш сыбайласының қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін деп хабарлайды Астана арнасы.

Қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» бабы осындай жазаны қарастырады. Қазір сән әлемінің мықтылары: Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалабаев және Ислам Мисиров уақытша тергеу изоляторында отыр. Олар мұнда қыркүйектің соңына дейін отырмақ.

Алмалы аудандық сотының өкілдері арнамызға мәлім еткендей, Лилия Рах пен Мири Паздың қорғаушылары соттан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануын сұраған. Бірақ сот олардың өтініштерін қабылдамады.

Еске салайық, алматылық кәсіпкер Лилия Рах "Адам ұрлады" деген күдікке ілінген болатын. Қалалық ішкі істер департаментінің ақпарынша, танымал дизайнер үш сыбайласымен 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен ұстап отырған.

"Бұл өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды және соттың шешімі жаңағы қорғаушылармен шағымданып, Алматы қалалық сотына шағымданып, 9 тамызда апелляциялық сатыда атқарылып, олардың берген хаттары қанағаттандырусыз қалдырылып, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысы күшінде қалдырылды", - деді Алмалы аудандық сотының бас маманы Нұрлыбек Оралбеков.

Тағы оқыңыздар:

Маусымды сәтсіз бастаған «Барыс» бапкерсіз қалды

Ақтауда 6 жасар қызды аяусыз зорлаған педофил қолға түсті

Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметін жеке өзі бақылайтынын айтты

Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директорына тапсырма берді

Қоқысқа кеткен миллиондар: 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау міндетті ме? (фото)

Шымкенттік ана ырымдап Жазира Жаппарқұлға сәбиін түкіртіп алды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243480-liliya-rakh-pen-sybaylastary-7-zhyldan-12-zhy.html