RU

Қарағандыдағы «Арселор МитталТеміртауда» жойқын жарылыс болды

Қарағандыдағы «Арселор МитталТеміртауда» жойқын жарылыс болды. Денесін күйік шалған бір жұмысшының жағдайы ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, тері астындағы майы күйіп кеткен деп хабарлайды 31 арна.

"Енді үміт, әрине бар. Бірақ та оның күйігі үлкен көлемде және оның тереңдігі үлкен. Сондықтан өміріне, әрине қауіп бар", - дейді «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК бас дәрігері  Берік Төлеубаев.

Металлургия комбинатының басшылығы зардап шеккен жұмысшының отбасына ақшалай көмек көрсетуге уәде беріп отыр. Жарылыс өндірістегі газ қыздырғыштарды іске қосу кезінде болған көрінеді. Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері «Арселор Миттал Теміртауда» болған алғашқы оқыс жағдай екен.

"3-інші қыркүйектен 4-інші қыркүйекке қараған түні конверторлық цех бөліміне учаскелік аралық шөміштерді дайындауда металлургиялық комбинатта газ жарылды. Қазіргі уақытта кәсіпорында комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Цехтар мен комбинаттар штаттық режимінде жұмыс істеуде", - дейді «Арселор Миттал Теміртау» АҚ баспасөз хатшысы Светлана Чванова.

Тағы оқыңыздар:

Маусымды сәтсіз бастаған «Барыс» бапкерсіз қалды

Ақтауда 6 жасар қызды аяусыз зорлаған педофил қолға түсті

Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметін жеке өзі бақылайтынын айтты

Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директорына тапсырма берді

Қоқысқа кеткен миллиондар: 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау міндетті ме? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243498-qaraghandydaghy-arselor-mittaltemirt.html