RU

Пәкістандық азамат сиырын үйінің төбесіне шығарып, баққан

Пәкістанның Карачи қаласы тұрғынының Құрбан-айтқа семіртіп, базарға шығарып, сатуға дайындап отырған сиырын үйдің төбесінен жерге түсіру үшін кран керек болып қалды.

Бұл туралы «Анадолу» ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Пәкістанның портты Карачи қаласында тұратын бір кісі осы мерекеде сату үшін баққан малын өзі тұратын үйдің ең жоғары бөлігі – шатырда ұстаған. Оның енді кранмен жерге түсіріп жатқан малына көптеген адам қызықтап қарап тұрған.

Айта кету керек, қазір халқының саны 20 миллион адамнан асып кететін Карачи қаласы тұрғындарының көбі арнайы орындардың жоқтығы мен жердің бөлінбеуі салдарынан Құрбан айтта соятын малдарын өздері тұратын үйлердің шатырларында ұстауға мәжбүр болып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243654-pakistandyq-azamat-uyininh-tobesinde.html