RU

Қазақстанда жерде жартылай жалаңаш жатқан қызды жігіттер мазақ етті

NUR.KZ редакциясына оқырман видео жолдады. Бұл видеода белгісіз жігіттердің тапа-тал түсте табалдырықта жатқан жартылай жалаңаш қызды видеоға түсіріп жатқаны көрінеді.

Видеодан жігіттердің қызды мазақтап, күлгені анық байқалады. Ал жігіттердің біреуі тіпті оның үстіндегі жамылғысын жұлып алады. Қыз ішімдік ішкен бе, әлде оның жағдайы нашарлап кетті ме, ол жағы белгісіз. Оқиғаның қай қалада болғаны да беймәлім. Кадр сыртында бейтаныс кісі қызды қорғамақ болғаны естіледі. "Қойыңдар, ұят болады", - деген жаңағы кісінің сөзіне жігіттер құлақ аспаған.

Еске салсақ, бұған дейін де желіде осыған ұқсас жаға ұстатарлық видео пайда болған. Видеодағы ішімдік ішіп алған бір топ қыздар мен жігіттердің ерсі қылықтарына желі қолданушылары наразылықтарын жаудырған болатын. 

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243692-qazaqstanda-zherde-zhartylay-zhalanhash-zh.html