RU

«Халал емес» тағамға тапсырыс берген имам жұртты таң қалдырды

Британиядағы Лутон қаласының тұрғындары жергілікті имамның McDonald's орталығынан тамақтанатынын айтып, таңданыстарын білдіріп отыр деп хабарлайды Muslim.kz.

Өз уағыздарында «Ислам халифаты» экстремистік ұйымына бүйрегі бұратынын онша жасыра қоймайтын Аньем Чудари есімді имамның «халал емес» тағамға тапсырыс беріп тұрған сәтін тұрғындар, тіпті, суретке де түсіріп алған.

Айта кетейік, McDonald's желісінің мұсылман емес елдердегі орталықтары келушілеріне халал тағам ұсынбайды. Харам астан қауіптенгендер үшін бұл жерде «жеуге жарамды» тағам түрі – балық етінен жасалған Фиш ролл ғана.

Алайда, тұрғындар оның бұл жерге үнемі келетінін, сондай-ақ, McDonald's  мәзіріндегі «халал емес» тағамдарға тапсырыс беретінін айтады.

«Мен бұл жігіттің уағыздарын тыңдап, қатты таңғалғам. Оның ИШИМ-ді іштей жақтайтыны білініп тұрады. Ал, оның халал емес тағамды пайдалануы – екіжүзділіктің белгісі сияқты», – дейді сурет авторы.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243736-imamnynh-khalal-emes-taghamgha-tapsyry.html