RU

Мүгедек баласын Қытайта емдетпек болған ата-ана оңбай алданып қалды

Сал ауруына шалдыққан балаларын емдетеміз деп Бейжің клиникаларының біріне барған ата-аналар алаяқтарға алдандық деп дабыл қағуда.

Өйткені, шекара асып, қыруар шығындаған ем-домның ауру балаларына еш әсері болмапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұрт әуелде ғаламторда жарияланған хабарландыруға сеніп қалған. Сонда көрсетілген деректер бойынша көрші елге білікті дәрігерді іздеп барады. Ондағылар да балаларыңды бір айда аяқтан тұрғызып береміз деп уәде етіпті. Ол үшін әрқайсысынан 3-5 млн теңгеден алған. Барлығының жалпы шығыны – 70 млн теңгедей.

Алайда қытайлар сал ауруын емдейтін ота емес, кәдімгі адамның косметикада жиі қолданылатын ботекс отасын жасаған. Ал ондай операция елімізде тегін жасалады екен. Ата-аналар оны кейін біліп отыр. Өйткені ота жасалғаннан кейін ешқандай әсері болмай, ауру сол қалпы сақталып қалған.

Қазіргі уақытта клиниканың ғаламтордағы сайты бұғатталған, ал телефондары жұмыс істемейді. Алданып қалған ата-аналар енді ақшаларын қайтаруға көмектесуді сұрап, Сыртқы істер министрлігіне өтініш айтып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243778-mugedek-balasyn-qytayta-emdetpek-bol.html