RU

Бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылған ер адамның кім екені анықталды

Алматы құқық қорғау органдарының қызметкерлері бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылған ер адамның кім екенін анықтады деп хабарлайды ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап NUR.KZ.

" Алматыда белгісіз ер адамның бөлшектелген денесін тауып алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі іс қозғалды. Зардап шегушінің кім екенін, куәгерлердің, сонымен бірге қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар өткізілді.

Полиция қызметкерлері қылмыстың жалдамалы пәтерде жасалғанын және зардап шегушінің кім екенін анықтады. Сонымен бірге, күдіктінің де кім екені белгілі болды. Қазіргі таңда оны құрықтау бойынша шаралар қолға алынған", - деп хабарлады Алмас Садубаев.

Еске салсақ, бүгін таңертең Алматыдағы қоқыс жәшіктерінің бірінен ер адамның кесілген басы мен аяқ-қолдары табылған.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243781-bolshektelgen-denesi-qoqys-zhashiginen.html