RU

Ресейде өзінен 5 жас кіші баламен жыныстық қатынасқа түскен бойжеткен сотталып кетті

2 қыркүйек күні  Пермь қаласының Мотовилихин аудандық соты 18 жастағы бойжеткенге қатысты үкім оқыды. Қызға 13 жасар баланы жыныстық қатынасқа тартып, азғырды деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қорғаушылар оқиғада қыз бен  баланың арасындағы қатынас келісім бойынша, бір-біріне сезім білдіргеннен кейін жүзеге асырылғанын дәлелдеуге тырысқан. Дегенмен сот қызды үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім оқыды.

Бұл жағдай бойынша полицияға шағымды баланың әкесі жазған. Бойжеткен барлық болған оқиғаны мойындап, тергеу жұмыстарына еш кедергі келтірмеген.

Осыған қарап жұрт сот айтарлықтай жеңіл жаза тағайындайды деп күткен. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Айыпты 10 күннің ішінде қайта шығым түсіруі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243804-reseyde-13-zhastaghy-balamen-zhynystyq-qat.html