RU

Қазақстанда туылған ару “Әлем аруы” байқауында ең сұлу 20 қыздың қатарына кірді (фото)

Қазақстанда туылған ресейлік ару Анастасия Лесина «Әлем аруы» байқауында Best Performance («Үздік қойылым») атағына ие болды деп хабарлайды stan.kz.

Анастасия Лесина Петропавлда дүниеге келген. Алайда «Әлем аруы» халықаралық байқауында Балтық елінің намысын қорғады.

«Екі ай дайындық зая кетпеді. Қанша жүйке жұқарды. Енді, міне, менің сүйікті жұбайым үздік 20 арудың қатарында! Қымбаттым, сен ең әдемі, ең ақылды жансың. Ұлым екеуміз үшін жеңімпаз – сен! Біз сені жақсы көреміз», – дейді Анастасияның күйеуі Артем Лесин Вконтакте желісіндегі жазбасында.

Айта кетейік, бұл байқауда бүкіл әлемнен 80 ару қатысты. Бас жүлде Австрияның намысын қорғаған 28-жастағы украиналық ару Ольга Торнерге бұйырды.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1243911-qazaqstanda-tuylghan-aru-alem-aruy.html