RU

Жартаста етпетінен жатқан Тамара Асар тыңдармандарын үрейлендірді (фото)

Танымал әнші Тамара Асар желіге жартаста етпетінен жатқан суретін салып, тыңдармандарын шошытып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мағыналы әндерімен ғана емес, соңғы кездері мәнді ойларымен де танылып жүрген Тамара Асардың тағы бір шығармашылық "шабыты" қолданушылар назарына ұсынылды. Ол желідегі парақшасына "жартасқа жабысып жатқан" суретін жариялап, осыған қатысты өзі " Томи шимай" деп атайтын ойларын бөлісті.

"Алай-дүлей дауыл тұрып, қатты толқын буырқанған сәтте, теңіздің әрбір алыбы мен майшабағы өз өмірі үшін күресе бастайды. Сол Теңізбен күш сынасар сәтте әлім құрып, бойымнан күш, санамнан ес кеткенде, жүрегіммен Жаратқанға сенім артсам ғана, ашулы толқын өзі-ақ әлдилеп жағадағы жартасқа әкеліп тастауы әбден мүмкін екенін түсіндім... Көзімді ашсам жап-жарық таң, теңіз тып-тынық, шағаланың шаңқылы,аққулардың қалқуы. Кешегінің бәрі көрген түстей, санада сыз, суда із қалмапты... "Аққу арман". Қайырлы таң Достарым!!! Анау жағадағы жартасқа жабысып жатқан мен... Маңғыстау. Каспий", - деп жазды ол.

Бұл сурет Каспий теңізінің жағасында түсірілген бейнебаяннан үзінді болуы мүмкін.  Оның бұл суретін көріп, жазбасын оқыған қолданушылар екіұдай күй кешті. Қолданушылар Тамараның нағыз шығармашылық адамы екенін айтып, оған деген сүйіспеншіліктерін білдіріп жатты. Олар табиғат пен Тамара өзара үйлесімді екенін де жеткізді.

Дегенмен, Тамара Асардың бұл "жатысына" үрейлене қарағандар да табылды.

"Тамара ханым, сонда клипіңізде той көйлекпен теңізге құлап кеткенсіз бе, қалай түсінбедім?", "Клип болса да, жүрекке үрей мен қорқыныш ұялайды екен. Мынау жатыстың өзі қорқынышты. Артықтау кетсем кешірім сұраймын. Бірақ, сіздің өнеріңізге бас иетін тыңдаушыңызбын", "Қорқынышты жерде жатырсыз ғой. Қайдан тауып түстіңіз", - деп жазды олар.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244022-zhartasta-etpetinen-zhatqan-tamara.html