RU

Өзгенің бет терісі тігілген әлемдегі тұңғыш әйел Францияда көз жұмды (фото)

Бетіне өзгенің терісі салынып, ота жасалған тұңғыш әйел Изабель Динуар (Isabelle Dinoire) Францияда 49 жасында көз жұмды деп хабарлайды Baq.kz The Local басылымына сілтеме жасап.

Динуар 2005 жылы итіне таланып, жарты бетінен айырылған болатын. Бір жылға жетпей ол бетіне өзгенің терісі салынып, алғаш пластикалық ота жасатқан әйел ретінде әлемге танылды. Ота Амьене ауруханасында жүргізілді.

«Википедияда» жазылған мәліметке сәйкес, Динуарға бет терісі және мұрын мен ауыз тіндері төсек тартып, миы өлді деп диагноз қойылған басқа әйелден алмастырылып салынған.

«Изабельдің сүйгені» (Isabelle’s Kiss) атты кітабында реципиент келіншек хирургтердің арқасында тамақ ішіп, сөйлеп, тіпті, жымию қабілетіне де ие болғанын толғанып жазады.

Он жылдан соң, өткен қыста Динуардың ағзасы алмастырылып салынған теріні қабылдамай, жағдайы нашарлай түсті. Салдарынан оның ерні төмен салбырап, дұрыс сөйлеу қабілетінен айырылды. Түрлі препараттармен емдеу кезінде келіншек екі түрлі онкологиялық ауруға шалдықты.

The Local сілтеген Le Figaro-ның мәліметінше, Динуар ауыр дертінен айықпай, осы жылдың жазында қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар:

Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балаларға 10 млн теңгесін аударатын болды

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Шымкентте «Махаббат бөлмесіне» жаман қылықтан арылғысы келетіндер ағылуда (фото)

Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244166-ozgeninh-bet-terisi-tigilgen-tunhghysh-ay.html