RU

ОҚО тұрғыны: Дәрігер орысша түсінбейміз дегенді құлағына ілген де жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының тұрғындарының бірі zamana.kz басылымына хабарласып, емханада қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуіне қатысты шағым айт­ты.

"Жуырда менің бір туысым аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Жағдайын сұрасақ, аға дәрігер Татьяна Ким бізге орысша сөйлейді. Арамызда ес білгелі қойдың соңында жүрген, бір ауыз орысша білмейтін ағамыз бар еді. Ким оған да орысша жауап берді. Орысша түсінбейді дегенімізді құлағына ілген де жоқ", - деп ренішін айтты тұрғын.

"Шардарадағы 80 мың халықтың 99 пайызы қазақтар екені белгілі. Басқа ұлттың өкілдері жергілікті халықтың тілінде сайрап тұр. Қазақ тілінде сөйлемейтін тек Татьяна Ким ғана. Әлде 80 мың шардаралық тұрғындар бір дәрігер үшін орысша үйреніп, орысша сөйлеуі керек пе? Сонда орысша сұрағандарға қазақша жауап бергендер жұмыстан қуылуы керек те, қазақша, яғни мемлекеттік тілде берген біздің сұрағымызға басқа тілде жауап бергендерге ешқандай шара көрілмейді ме? Олай болса, Ата заңымыздағы қазақ тілі мемлекеттік тіл деген бапты алып тастау керек шығар? Іс жүзінде орындалмайтын заң кімге керек?", - деп ашынды ол.

Шардараға жолы түскен басылым тілшілері аудандық аурухананың жансақтау бөліміндегі аға дәрігер Татьяна Кимге аталған мәселе жөнінде бірнеше сұрақ қойды. Ол өзінің мемлекеттік тілді мүлде білмейтінін айтты. Сөзіне қарағанда, Шардараға Өзбекстаннан көшіп келгеніне 41 жыл болыпты.

Қазақтардың ортасында тұрса да оның осынша уақытта бір ауыз қазақ сөзін үйренбегеніне тілшілер қайран қалды.

"Егер ол осы кезге дейін Өзбекстанда тұрғанда өзбек тілін үйренбеуі мүмкін бе еді?", - деп сауал тастады тілшілер.

Тағы да оқыңыздар:

Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балаларға 10 млн теңгесін аударатын болды

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Шымкентте «Махаббат бөлмесіне» жаман қылықтан арылғысы келетіндер ағылуда (фото)

Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244249-oqo-turghyny-emkhana-darigeri-oryssha-tu.html