RU

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Ерасыл Әубәкіровтің ісіне күдікті ретінде тартылған Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы Ерлан Ғазімжановтың ойынша, тергеу әділетсіз және біржақты өткен. Бұл туралы ол бүгін тілшілерге берген сұxбатында мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз тергеуді әділетсіз әрі біржақты өткізілді деп санаймыз. Ары қарай күресеміз", - деді Ғазімжанов БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Сонымен қатар ол интернетте Ерасыл Әубәкіровті әлдебіреудің қинап жатқан тұсы бейнеленген фотоларға қатысты да пікірімен бөлісті.

Фотоны таратқандардың ойынша, ондағы адам басында басты күдікті ретінде, қазір жапа шеккен тұлға ретінде сотқа қатысып отырған Аян Мейірбаевқа қатты ұқсайды.

"Мен ол фотосуреттерді көрдім. Олар бұрын Интернетте табылған бейнероликтен алынған", - деді ол.

Астанада Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубакіровтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтуде. Сот алдына қылмыс жасады деген күдікпен тартылып отырған Нұрбек Әжімбай,  Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненко шығады. Істі алқа билердің қатысуымен судья Айжан Шаяхметова қарайды.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер оныншы ақпанда тапқан болатын.

Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді.

Ол үшінші ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

Тағы да оқыңыздар:

Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балаларға 10 млн теңгесін аударатын болды

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Шымкентте «Махаббат бөлмесіне» жаман қылықтан арылғысы келетіндер ағылуда (фото)

Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244291-erasyl-aubakirovtinh-isi-boyynsha-kudi.html