RU

Астанада жантүршігерлік жол апатынан төрт бала зардап шекті (фото)

Астана қаласында Иманов пен Асан Қайғы көшелерінің қиылысында жол апатынан төрт бала зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Асан Қайғы көшесімен келе жатқан «Lexus» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Иманова көшесінің қиылысында «Мерседес» көлігіне жол берместен өтуге ұмтылып, қақтығысқан болатын.

«Көлік соқтығысынан «Lexus» жүргізушісі рульді бұрып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді басып, жол бойында тұрған «Лада» көлігін де түйіп өткен. Бұдан соң, «Lexus» көлігі соққының қаттылығынан «ZAZ» маркалы көлігіне қарай аударылып, ол болса серпінмен тағы бір «Митцубиси» маркалы көлікті соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші төрт бала зардап шекті. Атап айтқанда, 2002 жылы, 2005 және 2007 жылы туған төрт бала әртүрлі дене жарақатымен ауруханаларға жеткізілді», - делінген баспасөз баянында.

Тағы да оқыңыздар:

Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балаларға 10 млн теңгесін аударатын болды

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Шымкентте «Махаббат бөлмесіне» жаман қылықтан арылғысы келетіндер ағылуда (фото)

Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244382-astanada-zhanturshigerlik-zhol-apatyna.html