RU

Депутат жол полициясына пара беруден құтылу үшін айыппұлды азайтуды ұсынды

Парламент мәжілісінде «Жол жүрiсi туралы» заңға өзгерiстер енгiзу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Мұxтар Тінікеев жол қатынасы саласындағы кейбір құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдың көлемін азайтуды ұсынды деп xабарлайды Baq.kz.

Заңгер Сергей Уткин осы бастаманы толығымен қолдайтынын жеткізді. Себебі, оның ойынша, айыппұлдың көлемін азайтса, пара берудің қажеттілігі туындамайды.

«Мен талай адамдармен кездестім. Бәрі бірдей жол жүру ережелерін бұзған жағдайда жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне пара беріп, құтылуға тырысатындарын жеткізген. Сонда беретіндері 1000-2000 теңге. Әлбетте, қазіргі заңнамаға сәйкес ең төменгі айыппұлдың көлемі 5 айлық есептік көрсеткішті, яғни 10 000 теңгені құрайтынын ескерсек, көлік жүргізушілері үшін сол 1000-2000 теңгені бере салған тиімді болып тұр. Бүгін айыппұлды 3 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендетуді ұсынып отыр. Ол - 6000 теңге. Ашығын айту керек, бүгінде көлік жүргізушілерінің 50 пайызы үшін 6 мың теңге аз ақша емес. Меніңше, айыппұлдың көлемін азайтқан дұрыс. Егер оның көлемі қазіргі параның деңгейінде болса, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне ақша берудің өзі тиімсіз болып қалады. Ол ақша ашық әрі ресми түрде бюджетке түсетін болады», - дейді Уткин.

Сондай-ақ белгілі заңгер барлық көлік жүргізушілері үшін бейнебақылау құралдарын орнату шартын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, осы шараның арқасында республикадағы қылмыстық аxуалды бақылап, жол қатынасы саласындағы тәртіпті орнатуға болады.

Тағы да оқыңыздар:

Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балаларға 10 млн теңгесін аударатын болды

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Шымкентте «Махаббат бөлмесіне» жаман қылықтан арылғысы келетіндер ағылуда (фото)

Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244411-deputat-zhol-policiyasyna-para-beruden.html