RU

Елімізде келер жылы үй бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде келер жылы үй бағасы қымбаттауы мүмкін дейді мамандар. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Баспанаға сұраныс айтарлықтай азайған. Бірақ бұл бұқараның пәтерге қарық болғанынан емес. Керісінше қалтасы көтермегендіктен жылжымайтын мүлік нарығындағы сауда-саттық едәуір саябырсыпты.

Баспананы бұрынғы бағамен өткізе алмасын білгендер оны аз-маз арзандатқандай болған. Әйтсе де мұның өзі сатып алушылардың көбеюіне әсер етпей тұр. Яғни, бұрынғы қарқын қазір жоқ. Тіпті, тұрғынүй құрылысын жақында аяқтаған компаниялар да тығырыққа тіреліп, үйлерді бөліп төлеуге дейін жағдай жасап жатыр.

Әзірге, ел бойынша ең арзан үйлер Орал қаласында. Одан кейінгі орынды Шымкент басқан. Сатып алушылардың азайғанынан, әдетте саудаласуға көнбейтін, құны көк тіреген Астана мен Алматыда үй бағасы сәл арзандаған. Соңғы айдағы сараптамаға сәйкес, шаршы метрдің орташа бағасы - 387 мың 100 теңге. Ал ең төмені - 278 мың теңге.

Әрине, сұраныстың азайғаны элиталық үйлерге еш әсер етпеген. Олардың құны сол қатайған күйі – шаршы метрі жарты миллон теңгегеден жоғары сатылып жатыр. "Саябырсып қалған жылжымайтын мүлік саудасы тек келесі жылдың басында қозғалуы мүмкін" дейді астаналық риэлторлар.

"Астанадан үй алам деушілер болса, қазір алуы қажет. Өйткені, алда «ЭКСПО» болайын деп жатыр. Көптеген компаниялар қазірдің өзінде Алматыдан осында келуде. Ірі банктер, басқа да кәсіпкерлер бас кеңсесін Астанадан ашуда. Сондықтан баға тұрақты кезінде мүмкіндікті жіберіп алмау керек", - дейді сату жөніндегі менеджер Ерғазы Мұсатаев.

Тағы да оқыңыздар:

Депутат елімізде көлікте темекі шегуге тыйым салуды ұсынды

ОҚО-да той кортежі жолдың қарсы бетіне өтіп, жүргізушілерге автомат кезенді (видео)

Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша күдіктінің қорғаушысы атышулы фотоға қатысты пікірін білдірді

Қызылорда облысында тікұшақ құлап түсті

Қазғарыштың төрағасы орнына Еркін Шаймағамбетов келді

Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1244451-elimizde-keler-zhyly-uy-baghasy-qymbatt.html